Home

Мамыр айының 5-ші жұлдызы күні П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі «Мәңгі өлмес полк» атты әскери шеру өткізді

E-mail Печать PDF

 

Мамыр айының 5-ші жұлдызы күні П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі басшылығының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап  «Мәңгі өлмес полк» (Бессмертный полк) атты  әскери шеру өткізілді.

Колледждің 40-қа жуық ұстаздары, соғысқа қатысқан ата-бабаларымыздың суреттерін қолдарына көтеріп барабаншылар мен үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен сап түзеп жүрді.

Бұл өткізілген әскери шеруді бұрын-соңды болмаған деп айтсақ болады. Өткенді ұмытпау, болашақ ұрпағы үшін күрескен ардагерлерді құрметтеу келер ұрпаққа жеткізу, бұл маңызды іс-шара. Ардагерлерді еске алу үнсіздік минутында көптеген ұстаздар мен келген қонақтардың көздері жасқа толды. Артынан жеңіс күніне арналған әндер шырқалып,  ардагерлерге гүл шоқтары ұсынылып тамаша концертпен жалғасты. Сонымен қатар осы білім ордасында 40-жылдай еңбек еткен, соғыс ардагерінің  90-жасқа толуына орай Ткаченко Яков Матвеевке сый құрмет көрсетіліп шапан жабылды.

Ткаченко Яков Матвеев өз сөзінде өзінің қатты әсер алғандығы соншалық, соғыс кезінде жыламай, бүгін жылап тұрғанын айтты және ұзақ өмір сүру құпиясын ашты. Яғни, музыканы сүйіңіздер! – деді.

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20170512-WA0012.jpg

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20170512-WA0010.jpg

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\20170505_145537.jpg

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20170512-WA0008.jpg

Описание: C:\Users\User 222\Desktop\IMG-20170512-WA0006.jpg

 

Кто на сайте

Сейчас 93 гостей онлайн