Home

Ұлы орыс композиторы Петр Ильич Чайковскийдің туылғанына 175-жыл толуына арналған концерт

E-mail Печать PDF

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт минИстрлігі

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі

 

Пресс - релиз

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт миинстрлігі

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі

 

тел./факс 379-92-25; 379-92-22

http://music-college.kz/

Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Іс-шара: Ұлы орыс композиторы Петр Ильич Чайковскийдің туылғанына 175-жыл толуына арналған концерт

Дата:18 мамыр 2015ж.

Уақыты: сағ.19.00-20.30

Орны: Абылай-хан даңғылы 83, Қазақконцерттің концерт залы

 

ҚАТЫСУШЫЛАР

«Алатау» жастар хоры, халықаралық байқаулардың жеңімпазы

хормейстері Бейімбет Демеуов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;

 

студенттік симфониялық оркестр

дирижері Әмзе Мүсілім, халықаралық байқаудың лауреаты

 

СОЛИСТЕР

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің түлектері

ЖҰМАҚЫЗ МЕКЕНБАЕВА, Құрманғазы ат. ҚҰК доценті,

ВАЛЕНТИНА ШАПЛЫКО, Құрманғазы ат. ҚҰК доценті,

АЛЕКСАНДР СМЕТАНИН, Абай ат. МАОБТ-ның солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты

РИММА ВАЛЬТЕР, Абай ат. МАОБТ-ның солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты

АЙДОС ЖАБАГИН, Абай ат. МАОБТ-ның солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты

ТАИР ТАЖИ, Абай ат. МАОБТ-ның солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты

АЛМАС АЛТЫНБЕКОВ, халықаралық байқаулардың лауреаты,

ШЕРНИЯЗ МҰСАХАН, Young Eurasian Solists Сhamber Orchestra солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты

Жүргізуші Дана Нұржігіт

 

Бағдарлама Петр Ильич Чайковскийдің шығармашылығына арналған:

әулие Иоанн Златоустың литургиясы, Симфония №1, 1 бөлім «Грезы зимнею дорогой», оркестрмен скрипкаға арналған ре мажор концерті, «Щелкунчик» симфониялық сиютадан музыкалық үзінділер (увертюра, марш, орыс биі), «Снегурочка» ертегісінен «Пляска скоморохов», «Евгений Онегин» операсынан Ленский ариясы, «Пиковая дама» операсынан Герман ариясы, «Иоланта» операсынан Иоланта, Роберто және Рене ариялары, романстар және камералық музыка.

***

 

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесі (колледж) – Қазақстандағы тұңғыш музыкалық оқу орны. Колледждің тарихы 1931 жылы 13 қаңтардағы ҚазОАК және Халық Комиссарлар кеңесінің Қаулысымен басталады: «1931 жылдың күзінен Алма-Аты музыкалық-драмалық техникумы ашылсын, ол жерге жұмысшылар, кедейлер, батрактар мен колхозшылардың балалары қабылдансын».1932 жылы 23 сәуірде «Әдеби-көркем ұйымды қайта құру туралы» Қаулы шықты, ал 1932 жылы Алма-Атыда музыкалық-драмалық техникум ашылды. Бұл Қазақстандағы музыкалық білім беруді жетілдірудегі аса маңызды мәре болды.Тұңғыш директоры жазушы Сағыр Камалов, ал оның орынбасары – болашақ академик, әйгілі қазақ композиторы Ахмет Жұбанов болды. 1940 жылы колледжге ұлы орыс композиторы Петр Ильич Чайковскийдің аты берілді. www.music-college.kz